Пайғамбарымыздың заманында да бұндай жұқпалы аурулар болған деп келеді риуаяттар да. Сосын Омар р.а дәуірінде бірнеше рет болған дейді. Солардың бірінде Әбу Убайда бин Жаррах және Муаз бин Жабал р.анһум мен қоса 30000 адам қайтыс болған дейді. Бұндай жұқпалы аурулар; Алланың азабы ретінде болатынын, сабыреткен мұсылмандар үшін рахмет және шәһид болу себебі болатынын Алла Елшісі с.а.у хабар берген.
Бұндай жұқпалы аурулардың себептері жайлы Пайғамбарымыздан көптеген риуаяттар келген. Себептеріне тоқталар болсақ:
1- Пайғамбар с.а.у былай дейді: Қандай да бір қауым да зина және арсыздық пайда болса және халық оны ашықтан жасай бастаса, Аллаһ ол қауымға оба/жұқпалы аурулар және бұрың соңды болмаған аурулар жібереді.(Имам Ибну Мажаһ және Имам Байһақий)
2- Ибну Омар р.а былай дейді: Бір күні Пайғамбарымыз с.а.у былай деді: Ей Мухажир қауымы! Бес нәрсе бар, егер олар сіздердің бастарыңызға келетін болса, ол қауым да хайыр/жақсылық қалмайды. Бұндай нәрселердің ортаға шығуынан Аллаға сиынамын.
1.Зина:Егер бір қауым да