Биліктің сенімінен айырылып, жұмысынан кеткен Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Премьер-министр Асқар Маминнің кеңесшісі. Әлеуметтік желіде тым белсенділік танытып, Лондоннан тікелей эфирге шығып, Арыс оқиғасынан естерін енді жиған ел-жұртқа шетелге саяхат жасау туралы ақыл айтқан шенеуніктің әрекеті Ақордаға да ұнамай қалып еді. Бірақ Үкімет үйі оған әлі үміт артып отырған сыңайлы.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан