Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне - 179 жыл

Жүрегімнің түбіне терең бойла. Осындай атаумен Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада әдеби-сазды кеш өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен жас ұрпақ қатысты. Абай сан қырлы тұлға болған: ақын, сазгер, аудармашы, ойшыл, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы. “Ұлы тұлғаның өлеңдерін, қара сөздерін білу - әр қазақтың парызы дейді“, - шараға қатысушылар. Осы ретте олар ақынның шығармашылығына терең бойлап, өлеңдерін жатқа оқыды.
Back to Top