«Өзі үшін» балалы болу белең алды

Тұрмысқа шыққым жоқ, бірақ перзент сүйгім келеді. Бұл қазіргі қоғамдағы жасы 30-ға таяған немесе 30-дан асқан қыз-келіншектер арасында кең етек жайып келе жатқан құбылыс. Бұл әсіресе етек-жеңін жиған, ешкімге тәуелді емес, материалдық жағдайы түзік бикештер арасында көп кездеседі. Өкініштісі, мұндай тенденцияның нақты статистикасын жүргізіп отырған ешкім жоқ, бірақ көрер көзге көрініп, естір құлаққа естіліп отырған жайт. Әрине бұған қилы өмір, тұрмыстық проблемалар, тәрк етілген неке, болмаса ер-азаматқа деген сенімсіздік, тағы сол сияқты мың сан себеп табылар. Бірақ салдарын ойлаған кім бар? Мыңдаған бала әкесіз өмірге келеді. Кім кінәліні емес, қайтпек керекті ойлаған абзал дейді мамандар да, ұлт жанашырлары да. Ұлт жанашырлары демекші, аталған жайт проблема деп қабылданбай, қалыпты құбылыс деп танылатын болса, түбінде ұлттық мәселеге ұласады дейді олар. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top