Азия чемпионатында қазақ қыздары 8 алтынмен оқ бойы озып шығып, абсолютті рекорд жаңартты

Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милана Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева. Бұл бокстан Азия біріншілігінде қатарынан 8 алтын алып, Азия чемпионы атанған қазақ қыздары. Ал Владислава Кухта мен Марина Вольнова күміс және қола медальға ие болды. Жалпы есепте қазақ қыздары 8 алтынмен оқ бойы озып шығып, абсолютті рекорд жаңартты. Ал Азия чемпионатындағы Қазақстанның басты қарсыластары Өзбекстан мен Үндістанның боксшы қыздары небәрі бір-бір алтын иеленді. Қыздарымыздың жеңісті жолын ерлер құрамасы да жалғастыруы мүмкін. Бүгін бес боксшы финалда алтын медаль үшін жұдырық түйістіреді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube - Facebook - Instagram - Vkontakte - TikTok - @informburo31 WhatsApp Информбюро 7 777 331 31 31 #Азия_чемпионаты #Дубай #ҚазақстанҚұрамасы #рекорд
Back to Top