Ауылды топан су баса жаздады

Алматы облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тұтас бір ауыл су астында қалды. 270-тен астам үйдің ауласын ағынды су шайып, көбінің үйіне кіріп үлгерген. Белуардан су кешкен жұрт кешелі-бері баспаналарына кіре алмай, сенделіп жүр. Жарықтары да сөніп, әбден әбігерге түскен. Шенділердің жіберген «көмекшілерінен» бұрын өздері су сору жұмыстарымен айналысып кеткен. Ашулы жұрт табиғат апатын қолдан жасаған шенділер деп күйініп отыр. Әйтпесе, небір нөсерге төтеп берер бөгетіміз де, арығымыз да бар дейді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top