Мұғалім жұмысын жеңілдететін 3 сервис

Берілген видеода күнделікті мұғалімнің жұмысына қажетті, әрі жеңілдетуге ықпал ететін 3 сервис жайлы айтылады. Plickers – бұл сабақта оқушылардың білімін жылдам бағалауға, кері байланыс жүргізуге арналған ыңғайлы бағдарлама. Аз ғана уақыттың ішінде жылдам түрлі сауалнамаларды жүргізіп, нәтижесін бірден монитордан көре аласыз. Ол үшін компьютеріңіз арқылы сайтына тіркеліп, тапсырмаларды әзрлеңіз. осы сайтта жеке кабинетіңізді ашып, сыныбыңызды, сынып оқушыларын енгізіңіз. Әр оқушының жеке QR-кодын шығарып алыңыз. Естеріңізде боласын! Әр оқушының өзінің нөмірленген коды болады. Бұл коттарды бір рет шығарып алғаннан кейін қайталап қолдана беруге болады. Play Market, App Store арқылы Plickers қосымшасын ұялы телефоныңызға орнатып алыңыз. Интерактивті тақтаның көмегімен сұрақтарды жалпы сыныпқа көрсетесіз. Оқушылар өздерінің кодтарын көтере отырып жауап береді, мұғалім ұялы телефонның көмегімен оқушылардың жауаптарын сканерлейды. Тақтада бірден оқушылардың мониторингі шығып, көірін тұрады. Оқушылардың жұмысын жылдам тексеруге арналған екінші сервис -ZipGreat . Тест жұмысытарын әзірлегенде осы қосымшаның шаблондарын қолдануды ұмытпаңыз. Өйткені ол сіздердің жұмыстарыңызды екі есе жеңілдетеді. Менің каналымда осы сервиске байланысты толық видео ұсынылаған. Міндетті түрде көріп шығыңыз. Үй тапсырмаларын оқушылар қуана орындайтын болады. Liveworksheets сайта тіркеліп, түрлі интерактивті жұмыс парақтарын әзірлеңіз. Оқушылар үй тапсырмаларын орындай отырып, өздерінің жұмыстарына кері байланысты бірден ала алады.
Back to Top