Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе-2 ауылының ішкі жолдарына асфальт төселіп жатыр. Бірақ бұған қызылтөбеліктердің барлығы бірдей қуанышты емес. Өйткені, бүтіндей бір көше жобаға ілінбей қалған. Осы 50-ге жуық үйдің тұрғындары редакциямызға хабарласып, шағым айтқан еді.