Кәсіби рингке бірінші рет шыққан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы жеңіске жетті

Өзінің кәсіби рингтегі бірінші кездесуінде Ербосынұлы Львовта (Украина) Беларусь боксшысы Андрей Долгожиевпен (8-12-1, 6 КО) жұдырықтасты. Ол қарсыласын мерзімінен бұрын, нақтырақ айтқанда, бірінші раундта жеңіп шықты. Жекпе-жекте алты раундқа созылуы керек еді. “ВКонтакте“ желісіндегі боксшы тобының жазуынша, Айдос Ербосынұлы 1991 жылы 11 қарашада туылған. Ол бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы, спорт шебері. Соңғы кездері 75 келі салмақта Astana Arlans құрамында Қазақстанның намысын қорғап жүр. Ол болашағы зор боксшылардың бірі деп есептеледі. Айдос Шугар Рэй Робинсон мен Рой Джонсты пір тұтады.
Back to Top