Ресей Федерациясынан «Суворов» отрядының командирі – Ольга Викторовна Стружанова тікелей эфирге қоңырау шалып, Ленинград облысында табылған бір жауынгердің туыстарына іздеу салды. Назар аударыңыздар: жауынгердің аты-жөні Забабурин Иван Никитович, 1902 жылы туған. Соғысқа Қызылорда облысы Қазалы ауданынан аттанған болуы мүмкін. Табылған ақпаратта мекенжайы Пушкин көшесі, 4-үй деп жазылған, Қазалы ауданы болуы мүмкін. Соғысқа Қызылорданың әскери комиссариатынан шақыртылған. Жұбайы: Забабурина Анастасия Леонтьевна. Сұрапыл соғыстан оралмаған қаншама батырдың денесі әлі күнге дейін Бауырластар зиратында жатыр. Қан майдан қанша үйдің адамын ұрлап, қанша үйдің отын сөндірді. Забабурин Иван Никитовичтің туыстарын танитындар болса, 8-707-53-55-383 нөміріне хабарласыңыздар.