“Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып“ атты жалпыхалықтық серуен

Тамыз айының жиырма алтыншы жұлдызында Ақтөбе қаласындағы тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында, Байғанин ауданының күндері аясында, “Елмен бірге мәңгілік, Рухың тұрар жаңғырып“ атты жалпыхалықтық серуен өтті. Саябаққа кіре берісте “Аутизмге шалдыққан балаларды оңалту“ қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, Ақтөбе қаласындағы аутизмге шалдыққан балалар арасында асфальтқа сурет салудан сайыс өтті. Саябақта бес ағаш үй тігілді. Олардың үшеуінде арнайы қонақтарға ас берілсе, біреуінде шұбат беріліп халық ағарғаннан дəм татты. Соңғы ағаш үй Байғаниндік шеберлердің қолөнер бұйымдарына арналды. Сонымен қатар сахна жанында Гүлдана Серікқызының қолынан шыққан туындылар мен Байғанин ауданы кітапханасының кітап көрмесі,Байғанин ауданы оқушылар үйінің балалары жасаған түрлі қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Келушілер аудандық музейдің ұлттық қолөнер бұйымдарымен және ауданның сакральді картасына ерекшке назар аударды. “Халықтар достығы - ел бірлігі“ ұлттар мен ұлыстардың ұлтты
Back to Top