Айыпты полицейді кесі млімдемесін згертті

Осы аптадағы ең айтулы, жаңғырығы әлі басылмаған полицейлердің өлімі оқиғасынан бастасақ.Әуелі марқұмдардың жақын жұрағатының қайғысына ортақтасып көңіл айтқымыз келеді. Тәртіп сақшылары нақақтан қазаға ұшырады, отбасылары қара жамылып, ауыр қайғыны бастан кешуде. Телеарна эфирінен олардың басына түскен трагедияны қазбалап айта беру бәлки қате де шығар. Десе де, бұл резонансты оқиға қазір жаңа сипат алып отыр. Айыпталушы Азат Азаматовтың әкесі республикалық телеарналардың біріне берген сұхбатында ұлының полицияда қызмет ететінін, жуырда ғана лейтенант шенін алғанын, марқұммен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өткені мәлім. Алайда ертесінде бейнеүндеу жолдап жаңаша мәлімдеме жасады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top