Украина: Үміткерлер есірткі сынағынан өтті

Украина президенттігіне үміткер, комедиялық актер Владимир Зеленский мен қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенко есірткі және алкоголь сынағынан өтті. Бұл шара екі кандидаттың дебаты қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Зеленский сол пікірталасты стадионда ұйымдастыруды ұсынды.  Қарсыласы бұл ұсынысты қабыл алған.
Back to Top