Оралда күйеуі жарты күн кепілде ұстаған әйел ауруханаға түсті

#КТКжаңалықтары Оралда алты сағат бойы кепілде болған әйел бүгін ауруханада жатыр. Нотариус болып істейтін Ираида Исламғалиеваны кеңсесінде өз күйеуі қорқытып ұстаған. Оны қабырғасынан пышақпен жарақаттапты. Елді дүрліктірген азамат қазір қамауда. Ал оның «жарып жіберемін» деп қорқытқан қолындағы гранатасы ойыншық болып шықты. #Орал #кепіл #әйел
Back to Top