Алматыда «Қайсар» телесериалының түсірілімі басталды

Алматыда «Қайсар» телесериалының түсірілімі басталды. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай бұл сериал 31 арна эфирінен көрерменге жол тартады. Авторлар телетуынды әскери өмір мен оның қыр-сырын, сондай-ақ жанрдың бірнеше түрін қамтитынын айтты. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі ел армиясындағы жағдайды бейнелейтін телесериал жас ұрпақты отансүйгіштікке баулиды. Бұл жолы киногерлердің дәстүріне айналған табақ сындыру рәсімі болмады. Мұның қазақылыққа жат екенін айтқан режиссер одан да өз үрдісімізді қалыптастырғанымыз жөн дейді. Алматыда түсірілімі басталған әскери драманың мақсаты - Қазақстан армиясы әскери қызметкерлерінің беделін арттыру, &#
Back to Top