Тіл жанашыры Мүтәллап Қанғожинді еске алу кеші өтті

«Өлеңі өмірінің айнасындай». Ақын, журналист Мүтәллап Қанғожиннің дүниеге келгеніне биыл - 85 жыл. Атаулы датаға орай бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада азаматтың құрметіне еске алу кеші өтті. Белгілі күйші Серікбай Бәриұлы - қаламгердің құрдасы. Замандастар той-томалақта, жиындарда жолдас болып бірге жүрген. Серікбай Құсайынов домбыраның құлағында ойнаған кезде Мүтәллап Мұхамәдиұлы содан шабыттанып, жыр тербепті. Тіпті, талантты жолдасына қос өлең де арнаған.
Back to Top