Cпорттың тың түрі

Өскеменнің мектеп оқушылары воркаут деп аталатын спорттың тың түрімен айналыса бастады. Бұрын АҚШ пен Колумбиядан бастау алған көше спортына турниктен басқа жабдықтың қажеті жоқ. Оқушылар воркауттың көптеген әдістерін ғаламтордағы бейнебаян арқылы меңгерген. Олар қазір турникке білек күшімен шығу, шыр айналу сияқты гимнастикалық әдістерді орындап жүр. Қалада жастарды бұл спортқа баулитын нақты жаттықтырушы мен арнайы орын жоқ.
Back to Top