Кездейсоқ ғашықтық...
Кездейсоқтық көп екен мына жалғанда,
Жақсы екен-ау кездейсоқтық болып тұрғанда!
Сондай сәтке мен де бір күн тап болдым,
Сені көрдім бір КЕШКЕ “әнші“ болғанда!!!
Сол КЕШТЕ сен жүрген ең, күлім қағып,
Әсем сұлу бейнең де, жүзің жарық.
Сол кеште мендік көңіл өзгерді ерек,
Бұл көңіл де сені көріп құлады анық!!!
Сол концертте жүргізуші болып едің,
Сол кеште сезінгем сезім лебін!!!
Ал мен бүгін өзіңе жыр жазамын,
Содан бастап мен өзіңе ғашық едім!!!
Сен Атырауда, ал мен болсам Оралдамын,
Шет жүрсем де, сен ойымнан жоғалмадың.
Бір күн саған жан сырымды ақтарармын,
Бір өзіңе жетермін, туған жерге оралған күн!!!