Екі жасар баланы шапалақпен ұрған күтуші жұмыстан қуылды

#КТКжаңалықтары Шапалақпен ұрып, шымшыған. Алматыда екі жасар балаға қол жұмсаған №96 балабақшаның күтушісі жұмысынан қуылды. Мектепке дейінгі мекемеде болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәрбиешінің көмекшісі ұйықтамай жатқан сәбиді білегінің күшімен тәртіпке шақырған. Ал ұлын күтушінің ұрғанына ашынған ана прокуратураға шағымданды. Кінәлілер тиісті жазасын алсын дейді. Жалпы, аталмыш мемлекеттік балабақшаның басынан дау арылмай келеді. #Алматы #балабақша #бала #ұру
Back to Top