Таразда екі және үш жастағы балалар түтінге тұншығып мерт болды

Таразда екі және үш жасар ағайынды екі бүлдіршін түтінге тұншығып мерт болды. Өрт таңғы сағат сегіздер шамасында тұтанған. Құтқарушылар балалардың мәйітінің маңынан бірнеше сіріңке қорабын тауыпты. Соған қарағанда, олар оттықпен ойнап, салдарынан мақта көрпе тұтанған. Балалар бықсыған жамылғыдан шыққан түтін исінен уланды деген болжам бар. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Өрт басталған кезде отағасы жұмыста болған екен. Ал балалардың анасы қос ұлын үйге қамап, жүктілігіне байланысты дәрігерге қаралуға шығып кетіпті. Отбасының жеті жасар тұңғыш қызы мектепте сабақта болған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top