Осман сұлтандары мен қазақ хандары арасындағы хаттар ел ғалымдарына қолжетімді болды

Алматыда Түркия Республикасы «YERTAD» тарих және мәдениет қауымдастығының өкілдері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде осы құнды жазбалардың цифрлық көшірмесін табыстады. Әзірге осман тілінде жазылған хаттардың дипломатиялық қарым-қатынас, сыйлық алмасу, елші жіберу туралы екені ғана белгілі. Ал оның нақты мазмұны, саяси рөлі түркітанушылар құжатты қазақ тіліне аударған соң анықталады.
Back to Top