Жігіттерге қыз ұзатқан жараса ма?

Сыңсу айту десе, қаптаған қыз-келіншектердің қалыңдықты өз үйінен қимастықпен шығарып салып, жылап-сықтағаны көз алдымызға келеді. Жат жұрттық болған бұрымдыны жеңгелері қолтықтап, төркіндері бақыт тілеп артында қала береді. Ал енді күйеуге шығып жатқан қызға еркектің сызылта сыңсу айтуы көзге оғаш көрінсе де, соңғы кездері мұндай көріністі тойларда көзіміз жиі шалып жүр. Әнші жігіттеріміздің бұл әрекетін қалай түсінуге болады? Бұл ақша табудың жаңа амалы ма, әлде біз білмеген дәстүр ме? #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top