Басқа да видеоларды көріп лайк пен комментарий аямаңыздар.
Инстаграм парақшама тіркелініздер
@eldar_asaba
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болган Қазтуғанның (15 ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті. Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы “Жақсы үгіт“ кітабында жарияланса, Марғасқа толғаулары кеңес заманында зерттеліп, баспа бетін керді. 18 ғасырда Жыраулық поэзия тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан байи түседі. Жоңғар шапкыншылығы және “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама“ жылдары, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар шығармаларғында өзінің көркемдік шешімін тапты. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе, Ақтамберді жырау (1675- 1768) шығармаларынан айқын көрінеді. Оның шығармаларғындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі, бағыт-бағдарын айқын танытады. Осы кезеңде өмір сүрген Улбешей жырау (1706-1778) мұрасындағы жетекші тақырып - сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен, ел корғаны болған батырларды мадақтау. 18 ғасырдағы Жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі - Тәтікара жырау. Ол кене заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, отаншылдық идеяны насихаттайтын жорық жырларын туғызған. Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара шығармалары кейінгі жылдары ел аузынан жазып алынып, бірнеше жинақтарға енді. 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұқар жырау (1668 - 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Ол қоғам өміріне белсене араласып, ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Бұқар жырау шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл афоризмдер түрінде келеді. Оның туындыларының олең олшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш “Таң“ журналында (1925) жарияланғанымен, ғылымының түрде жүйеленіп зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарының үлесіне тиеді. 18 ғасырдағы халық поэзиясының танымал өкілдері - Көтеш (1745- 1819). Котеш шығармаларындағы негізгі сарын - кедейлік таксіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырып жағынан алғанда біршама бай. Бұлардің, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік жайлы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, тұрмыстық олеңдер мен арнау жырлар.
1 view
45
14
2 months ago 00:03:14 1
УННВ - Мёртвое сердце (lxwxrs remix)
3 months ago 00:01:50 1
Саған барғым келеді...
3 months ago 00:01:22 1
Поэзия қазақша “Білесіз бе,мен сізді ұнатқалы...“
4 months ago 00:01:22 1
Автор:Н.Алаудин.“Менен ұзап кеткенде“грустные стихи