Шамшиева Жанель

Шамшиева Жанель - Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультетінің 4 курс студенті, 21 жаста. Ән айтып, сурет салғанды ұнатады. Бірақ бір қызығы, өзінің салған суреттерін біреуге көрсеткенді ұнатпайды. Ол түрлі эксперименттер жасап, әрдайым ізденісте жүреді, бұл сайысқа қатысу себебі де сол шығар. Білуімше, сабақты да жақсы оқиды. Сырт көзге қайратты болып көрінгенменен, жүрегі жұмсақ, жаны нәзік. Адал дос. Сенімді серік. Алматыға Кентау қаласынан арман қуып келген Жанель, болашақта алдына көптеген жоспарлар қойып, қазірден бастап оларды іске асыруда. Мақсат- мүдделеріңіз орындалып, биік шыңдарға жете беріңіз!
Back to Top