Бізді ақымақ санай ма? Коронавирус, Төлесова мен Есмағамбетова туралы

Белсенді Әсия Төлесова полицейдің бас киімін қағып жібергені үшін қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Ал митингіге шыққан адамдар мен жәй азаматтарға қысым көрсеткені үшін ешбір полицей жазаға тартылмады. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова симптомы жоқ адамдар басқаларға сирек жұқтырады деп, денсаулық министірлігі енді оларды басқа тізімге жазатын болды. Осының арқасында ресми статистикада аурулар саны екі есе азайды. Одан басқа Есмағамбетова ол туралы ақпаратты қайдан алғанын да толық ашып айтпады. Неліктен билік органдары халықпен қатынаста ақпаратты толық тарату мен әділеттілік принциптерін ұстанбайды? Халықты ақымақ санай ма әлде өздері ме?
Back to Top