Отырар ежелгі қаласы. Древний город Отрар (Фараб)

ОТЫРАР (Тұрар, Фараб) ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км, ал Арыстан-баб мазарынан 2 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. Отырар 5 – 15 ғасырларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған. 1219 жылы күзде моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған.   ОТРАР (Тарбанд, Турар, Фараб) - до монгольского нашествия - один из крупнейших городов Средней Азии, ныне городище в О
Back to Top