Министр Абаев прокомментировал требования об отставке Мадины Абылкасымовой

“Әділетсіздік”: Абаев Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді. Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада болған қайғылы жағдайдан кейін 5 қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. «Сұмдық қайғылы оқиға болды. Бұл отбасының қазіргі жағдайын қорқынышты түсте де елестете алмайсың. Бүкіл мемлекет балаларынан айырылған ата-анамен бірге қайғыруда», – дейді Абаев. Сонымен қатар министр осы жағдайдан кейін желіде көпшіліктің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етуін әділетсіз деп санайды. «Менің ойымша, балалардың өлімі үшін кінәнің бәрін министр Әбілқасымованың мойнына арту әділетсіздік. Иә, ешкім жауапкершіліктен қашпауы тиіс. Түптеп келгенде, біз, бүкіл мемлекеттік аппарат, елімізде болып жатқан жағдайдар үшін жауаптымыз. Алайда бұл сұмдық жағдайға түрлі факторлар себеп болғанын түсіну керек. Бәрі үнемі еңбек министрлігінің жұмысына байланысты болған емес», – дейді ведомство басшысы. Сондай-ақ, ол Әбіл
Back to Top