«Семей орманы» резерватында өртенген ағаштар белгісіз бағытқа жіберіліп жатыр деген ақпарат рас па?

Әлеуметтік желіде адамдардың «Семей орманы» резерватында өртенген ағаштарды кесіп жатқаны туралы видеолар пайда болды. Сонымен қатар, куәгерлер кесілген ағаштарды белгісіз бағытқа жіберіп жатқанын айтуда. Тіпті дәлел ретінде тұрғындар қала ішінде ағаштар тиелген көліктің суреттерін жіберіп жатыр. «Ағаштарды не үшін алып кетіп жатқанын шұғыл түрде анықтау керек. Біз мұны шетелге экспорттауға жол бермейік. Мұны қалай түсінуге болады?», - деп тұрғындар наразылық танытуда. Дегенмен Экология Министрлігі аталған ақпаратқа қатысты ресми жауап берген жоқ.
Back to Top