Туған жерге оралмаған оғлан. Асилия Әрістеевтың мәйіті Мажарстаннан табылды

Отан соғысына  аттанып, үйіне оралмаған оғлан Асилия Әрістеевтың денесі Мажарстаннан табылды. Соғыс басталғанда ол небәрі 20 жаста болған. Қарша бораған оқ пен лапылдап жанған оттың арасына барып, ерлікпен қаза тапқан жауынгердің денесін ұзақ жылдар бойы туған-туыстары Германиядан, Австриядан іздеген. Кейін Мажарстанда екені анықталды. Оның артында қалған іні-ұрпақтары туған жердің бір уыс топырағын Мажарстанға апарды.
Back to Top