Ақмола облысында елді мекендерді су бас қаупі жоғары

Себебі, Атбасарға жақын жерде Жабай өзенінің деңгейі бір тәулікте 70 см көтерілді.  Сондай-ақ, Астрахан ауданындағы Колутон өзенінің деңгейі 1 метр 32 см-ге жеткен. Аталған аумақтарда төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Арнайы инженерлік теxника да бар. Дегенмен, судың деңгейі шекті мөлшерден 6 см-ге асып тұр. Сондықтан, сақтық шаралары күшейтілген.
Back to Top