7. Әлімсақ уәдесі | Қисса сүл-әнбия

Әлімсақ уәдесі Хазіретті Адам бірде Ұлық Аллаға: – Ұрпағымды көрсем бола ма? – деп қолқа салды. Алла тағала Адам атаның белінен оның қияметке дейін таралатын барлық ұрпағының тұқымын құдіретімен суырып алды да, шашып жіберді. Самсаған сансыз рухтар аспан әлеміне сыймай кетті. Кейбір рухтар құйрықты жұлдыздай жарқырай ағып, арасында заулап ұшып жүр. Ерекше үлкен һәм айбарлы көрінді. Адам ата: – Не себепті мына рухтар ерекше үлкен, айрықша нұрлы? – деп сұрады.
Back to Top