«Жүктілікті жоспарламайды»: Атырауда былтыр 100-ден астам сәби шетінеп кеткен

#КТКжаңалықтары Атырау өңірінде айына орта есеппен 25 шақалақ көз жұмады. Мұндай мәліметті облыстық перинаталдық орталықтағы балалар өліміне байланысты баспасөз конференциясын өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары таратты. Ақ халаттыларға сенсек, жалпы өткен жылы Атырау облысында 206 бала шетінесе, олардың 176-сы бір жасқа дейінгі бүлдіршіндер. #Атырау #перзентхана #сәбилер
Back to Top