Посвящение учеников 2016 (полная версия)

Облыстағы ең үздік мектепте білім алуды армандап, ата-анасы мен бауырларының үкілі үмітін ақтауға қадам басқан балғындар ұлықталды. Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, жаңа 2016-2017 оқу жылына қабылданған 7-ші сынып оқушыларын салтанатты түрде Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары қатарына қабылдау рәсімі өтті. Шараға мектеп әкімшілігі, оқушылар мен ұстаздар ұжымы қатысып, жаңа зияткерлердің өнеріне ерекше тәнті болды.
Back to Top