Өзі – кит, өзі – дельфин...
Косаткалар әлемдегі ең ақылды жануарлардың бірі. Қызыл кітапқа енген дельфин тұқымдастарының мыйы, көлемі жағынан әлем бойынша киттен кейін екінші орын алады. Олардың адам «досына» айналған дельфиндерден жалғыз ерекшелігі - етқоректілігінде. Жыртқыш косатканың ұзындығы 11 метрге, ал салмағы 8-10 тоннаға дейін жетеді. Орта есеппен бұл кит топтасына жататын сүтқоректі 35 жыл өмір сүреді. Ұрғашылары дүниеге 5 жылда 1 рет ғана тұқым алып келіп, оны 16 ай көтереді. Өкінішке орай, олардың көбісі алғашқы айларда мерт болады. Косаткалардың ерекше тілі бар. Қарым-қатынастары да айырықша. Үлкен мыйдың арқасында олар үйір болып жүрудің басымдылықтарын біледі. Олардың жүзбе, әсіресе арқа қанаттары су асты әлемінде ең қатты болып есептеледі. Қорек табуда бұлардан асқан айлакер, әрі ұйымшыл топтасып жүретін жыртқыштар жоқ деген пікір бар.
With@cristinamittermeier @hannestrager and@goranehlme NHM_denmark.