Ақжелең торты “Сүтті қыз“

Сүтті қыз торты рецептісі Корждары үшін: - 1 банка сгущенка ( маған айналайын немесе три желание ұнайды); - 3 жұмыртқа; - 220гр ұн; - 10гр қопсытқыш; - 50 гр сары май Алдыменен қойытылған сүт пен жұмыртқаны араластырып аламыз да, құрғақ қоспаларымызды қосамыз. Алдын ала дайындалып қойған пергамент қағазына 1 ас қасықтан қамырды салып, жұқалап жайып шығамыз. Қызып тұрған 170-180гр пеште 5-7 мин пісіріп аламыз. Кремі үшін: - 600-700гр кілегей 33-35% - 100-150гр қант ұнтағы Салқын кілегеймен қантты қоюланғанша миксерлеп, тортты жинауға кірісеміз. Толығырақ видеода.
Back to Top