Жас жұбайлар.

Жас жұбайлар. әні: Б Сердалы. сөзі:Өтеген Оралбаев Ақ қайыңның төгіліп нұр шашағы, Алаңқайды ақ қанат гүл басады. Алақанға қондырған ақ сезімін, Жас жұбайлар жарасып сырласады. Қайырмасы: Сендерге әрдайым орын бар, Ақ отау төріне қоныңдар. Ақ тілек батамыз мінекей, Бақытты болыңдар болыңдар. Бірін-бірі көргендей бірінші рет, Көп қарайды жанымды ұғыншы деп. Қалқатайын аймалап күйеу жігіт, Қалыңдық тұр, күнәсіз күлімсіреп Қайырмасы.
Back to Top