“Диктатура мен демократия арасы“. Сайрагүл Сауытбайдың Швециядағы өмірі

Қытайдағы саяси қуғын-сүргіннен қашқан, қазір Швецияда тұратын қазақ Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа Шыңжаңдағы лагерьде көргендерін айтып берді. Ол «тәрбие орталығындағы» құпия бөлме «қара үйдің» қандай болатынын, ішінде не барын сипаттады. Сөзінше, сексеннен асқан апаға жанашырлық қылғаны үшін сол бөлмеге өзін де апарып, азаптаған. Толығырақ Азаттықтың «Сайрагүл» фильмінен көріңіздер:
Back to Top