Құлсары қаласында ерекше бала тұрады. Оның аты - Мадияс. Жасы жетіде болғанымен, бойы - бар болғаны 83 сантиметр. Дәрігерлер оған ергежейлі ауруының ең сирек кездесетін Ларон синдромы диагнозын қойып отыр. Ол - Қазақстандағы дәл осындай диагнозбен дүниеге келген жалғыз бала.