«Менің атым Қожа» к⁄ф (реж. Абдулла Карсакбаев, 1963 ж.)

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестьімен түсірілген. Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Ол тәртіпсіздіктерге кейде саналы түрде, кейде білместікпен барады. Дегенмен ол оншалық ессіз бала емес.
Back to Top