Мәскеулік студент қыздар қазақ тілін арнайы интернет канал арқылы насихаттап жүр

Осыдан 15 жыл бұрын Мәскеу қаласындағы мемлекеттік лингвистикалық университетте Қазақ тілі мен мәдениетінің орталығы ашылған. Бұл жерден күні бүгінге дейін 50-ге тарта ресейлік студент қазақша үйреніп шықты. Олардың арасында оқуын аяқтаса да, қазақ тілін ұмытпай, керісінше оны өз еркімен насихаттап жүрген жандар да бар. Мәселен, жақында Елизавета Осипова мен Анастасия Решетникова, Youtube-тен «Мәскеу қазақша» деп аталатын арнайы канал ашып, Мәскеудің көшелерін қазақша таныстыра бастады.
Back to Top