Қазақ балаларынан Месси мен Роналду секілді футболшы шығарғым келеді

«Дәл осындай талантты халықтан бір Роналду, Месси шығара алмау күлкілі нәрсе.» Нұр-Сұлтан қаласындағы «Арландар» балалар әуесқой футбол клубының директоры Фазылбек Әбсаттарұлы талантты балаларды іріктеуді бастады. Биыл күзде клубына кемінде 15 бала алмақшы. Португалия футбол академияларымен байланыс орнатқан. Ерекше дарынды балаларды бір жыл тегін жаттықтырып, сонда апарады. Қазірге дейін 11 футболшысын Португалия академиялары оқуға шақырып, карантинге байланысты шегерілген. Мемлекеттен қаржы алмайтынын, стадиондарды жалға алудың өзі қиын екенін айтады.
Back to Top