Махаббатта шек жоқ. Иә, қазіргі ғашықтар осы қағиданы жақсы түсінеді, бірақ сәл қиындыққа тап болса, шыдамайды, ақыры ажырасады. Ал, сіз сол қиындыққа, сөзге, сынға қалатынын біліп, ата-анасы қарсы болса да қосылған ғашықтар бар екенін білесіз бе?! Біз сондай бір отбасыны Жамбыл облысынан таптық. Болашақ жұбайы зағип болса да, сан түрлі сындар кездессе де, олар 20 жылдан бірге. Бір аялап өсіріп отырған қыздары бар.
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан