Балабақша қызметкерлері мен жаңа меңгеруші арасындағы дау

Елордадағы мемлекеттік балабақшағы дау. Бір топ қызметкер төтенше жағдай кезінде төленуі тиіс болған үстемақымызды ала алмадық деп шағымдануда. Басшылары кейбір қызметкерді негізсіз жұмыстан шығарып жіберген көрінеді. Алайда, осы лауазымға жуырда ғана келген меңгеруші бұл қып-қызыл жала, бәрі заң аясында істеліп жатыр дейді. Оның сөзінше, жұмысты дұрыс жолға қою үшін жасап жатқан шаруалар ұжымдағылардың кейбіріне ұнамай жатқандықтан осылай даурығуда екен. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top