«Өнеріміз саған – Қазақстан!» музыка фестивалі

Алматыда «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты музыка фестивалі өтті. Оған қазақ ұлттық аспаптарын жетік меңгеріп, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін әртүрлі ұлт орындаушылары қатысты. Атап айтқанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында Олег Никитин домбырада Құрманғазының «Адай» күйін, Бабек Иылдырым қобызда «Қаракемер» күйін орындап, халықты тәнті етті. Денис Яковлев халық әні «Екі жиренді», опера әншісі Ангелина Югай «Қуанамын» әнін, Роксана Құрбанова халық әні «Арман-айды» көрермендердің ерекше қошеметіне бөлене отырып орындады, сондай-ақ басқа да артистер тамаша өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама Игорь Благодарныйдың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқ
Back to Top