Дін – ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің

Ата діннен алшақ кету адам баласын адастырады. Шардара ауданындағы Шардара балалар саз мектебінде дін өкілдері мен тиісті басқарма қызметкерлері келелі мәселе төңірегінде ой бөлісті. Бұл жиынға теолог мамандармен қоса, ойы ұшқыр, сөзі дуалы ауыл билері де қатысты. Олар ұл-қызы жат ағымның жетегінде кеткен 6 ата – анамен кеңес өткізді. Дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарын айтты. Соқыр сенімнің жетегінде кеткендерді тура жолға түсірудің амал-айла, әдіс-тәсілдерін түсіндірді.
Back to Top