Көшеде қоқыс жатса жинастырып жібер, адам жоғалды ма, көпшілікпен бірлесе ізде, мұқтаж жандарға болыс, қайырлы іс жаса. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың әсіресе шенеуніктерге қарата айтқан үндеуі осы аптадағы. Былтырғы жастар жылын қайдам, биыл еріктілер жылы деп жарияланғалы шүкір, шын жанашыр, қайырымды жандар табылып жатыр. Астананы ақ қар көк мұз құрсағанда шенділердің шекпенін тастап, кетпен алып қар күрегенін көрдік. Тізбектесең толып жатыр, әйтеуір басы жаман емес.
Еріктілерді еріккендер деп ойлап қалмасын, елге, қоғамға берері бар болған соң ба енді олардың елгезектігі еленіп еңбек өтілі ретінде есептеледі және құжатқа жазылады. Волонтер болып ерекше көзге түскен студенттердің шәкіртақысы көтерілетін болады деп жатыр. Аптада елордамызда елдің әр түкпірінен исі ерікті жастар жиналды. Кеңесті. Жоспар құрды, бағдар жасады.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан