“Алаштың ардақтылары“ атты әдеби-музыкалық композицияны

ж. “Әлем“ балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының Ақтау кенті филиалындағы “Маска“ театр үйірмесі Республика күніне орай “Алаштың ардақтылары“ атты әдеби-музыкалық композицияны көрерменге тарту етті. Биыл қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл болса, Мәшhүр Жүсіп Көпеев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы аталарымыздың 165 жылдығы, көрнекті жазушы Спандияр Көбеевтің 145, ал Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығы болса, Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толып отыр. Осынау Алаш ардақтыларын еске алып, олардың елге сіңірген ерен еңбектерін өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған әдеби кеш барысында тәрбиеленушілер көрініс көрсетіп, ақын-жазушылар қаламынан туған поэзия, прозадан үзінділерді оқып, әндерін айтып, енді бірде шығармаларын би арқылы жеткізе білуге тырысты. Кеш соңында көрермендерге естелік ретінде Алаш ардақтыларының есімдері мен атаулы күндері жазылған 2023-2024 оқу жылының күнтізбесі таратылды. Аталмыш шараның қорытындысы ретінде филиалымыздың әдіскері әрі “Искорка“ инклюзивті-логопедиялық музыкалық үйірмесінің жетекшісі Седова Е.Г. мен “Жас қалам“ әдебиет үйірмесінің жетекшісі Қарақыз Мая тәрбиеленушілердің өнеріне өз пікірлерін білдіріп, олардың болашақтарынан мол үміт күттіретін талант иелері екендігін атап өтті. #РУМЦДОМПРК #ҚРОАМРҚББОӘО #қосымшабілімберу #дополнительноеобразование #RUMCDOBIZBIRGEMIZ #ӘлемБЖШО #ЦДЮТƏлем #БалаларТеміртау #bilimbolimi_temirtau #ҚОББтәрбие #umckrg #karuo
Back to Top