Педофил сауда үйінде 7 жасар қызды зорламақ болды

Ауру қалса да, әдет қалмайды. Алматыдағы сауда, ойын-сауық орталығында 7 жастағы қызды зорламақ болған педофил ұсталды. Бұрын да қыз балаларға жасаған азғындығы үшін түрмеге отырып шыққан қаскөй әйелдер әжетханасына кіріп, арам ойын іске асырмақ болған. Абырой болғанда баланың шыңғырған жан дауысынан сыртта тұрған шешесі есітіп қалып, көмекке келіпті. Іле-шала жеткен күзетшілер қаскүнемді қолға түсіріп, полицейлерге тапсырған. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top