Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;
9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
10) мәдениет пен өнерді дамыту;
11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
13) өздерінің есебі