Солтүстікқазақстандық аграрий гектарынан 27 центнер рапс жинауда

Құрғақшылыққа қарамастан көл-көсір өнімге кенелуде. Солтүстікқазақстандық аграрий гектарынан 27 центнер рапс жинап жатыр. Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге “Митронин“ серіктестігі тәуліктеп төккен тердің арқасында қол жеткізіпті. Ерінбей жұмыс істеп, тиісті егін егу технологиясын ұстанса, мол әрі сапалы күзгі өнім қамбаға құйылады дейді диқандар.
Back to Top